22-НАУРЫЗ
ҚҰТТЫ
БОЛСЫН!!!

Наурыз бізге
қайдан келді

Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі.
АҚ БАТА
Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін.
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын.
Қыруар қалың өріске толсын.

Әумин!
map
Наурызды қандай
елдер тойлайды
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтарында кеңінен тойланады.
НАУРЫЗ ДАСТАРХАНЫ
Наурыз дастарханына қойылатын тағамдар мен тәтті-дәмділердің әр алун түрлері.
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР
«Ең әдемі киім – ұлттық киім» демекші, қазақ халқы да төл киімдерін ұмытпай, ұлттық нақышын жоғалтпай сан ғасырлардан бері сақтап келе жатыр.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!